«Бізге қиын болатынын түсіндік. Бірақ кей сәттерде тым көп қиындыққа тап болдық. Бізге қарқындылық жетіспеді», — деді Беллами матчтан кейін BBC басылымына берген сұхбатында.
Маман ұлттық құрамадағы көптеген футболшының өз клубтарында тұрақты ойын тәжірибесіне ие емес екенін түсіндірді. Сондықтан оларға қатарынан бірнеше кездесу бойы жоғары қарқынды ұстап тұру қиынға соғады. Сонымен қатар бапкер команданың ойынында жағымды сәттер де болғанын атап өтті.
Белламиді әсіресе Уэльстің гол жіберіп алуына себеп болған қателіктер қынжылтты. Оның айтуынша, деңгейі төменірек қарсыластарға қарсы мұндай эпизодтар жазасыз қалуы мүмкін еді. Алайда А лигасы деңгейінде олар матч нәтижесіне тікелей әсер етеді. The Guardian
