Қазақстан құрамасы өз алаңында Молдоваға 1:2 есебімен жол берді. Қонақтар есепті бірінші таймның қосымша уақытында ашты — Ники Клещенко көзге түсті. Екінші таймның басында Петру Попеску Молдова құрамасының басымдығын еселеді.
Қазақстан сапынан Нұралы Әліп 64-минутта есеп айырмасын қысқартқанымен, отандастарымыз кездесуді жеңіліспен аяқтады.
Топтағы екінші ойында Словакия сырт алаңда Фарер аралдарын жеңе алмады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 38-минутта Гуннар Ватнамар автогол авторы атанса, екінші таймда Адриан Юстинуссен есепті теңестірді.
Үш турдан кейін Словакия жеті ұпаймен топ көшін бастап тұр. Молдова төрт ұпаймен екінші орында. Фарер аралдарының еншісінде үш ұпай бар. Қазақстан құрамасы бір ұпаймен соңғы орында орналасқан.
Келесі турда Қазақстан құрамасы өз алаңында Фарер аралдарын қабылдайды. Ал Молдова үйде Словакиямен кездеседі.
