Аталған ойынға қарсыластың тағы сегіз футболшысы қатыспайтын болды. Атап айтсақ, бас бапкер Владимир Вайсс Матуш Беро, Ондрей Дуда, Доминик Грейф, Давид Ганцко, Милан Шкриньяр және Альберт Руснакқа демалыс беруді жөн көріпті.
Ал Томаш Суслов жарақатына байланысты клубына оралса, Мартин Валент сары қағаздың көптігіне байланысты алаңға шыға алмайды.
«Астана Аренада» өтетін кездесу сағат 20:00-де басталады.
