Q Football

Испания Ұлттар лигасының жаңа рекордын орнатты

Испания Ұлттар лигасының жаңа рекордын орнатты
Getty Images

Луис де ла Фуентенің командасы турнирде қатарынан 16 матч бойы жеңілген жоқ.

Ұлттар лигасының үшінші туры аясында Испания құрамасы Чехияны 3:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Осы нәтижеден кейін Луис де ла Фуэнтенің шәкірттері 2018 жылдан бері өтіп келе жатқан турнирдегі жеңіліссіз серия ұзақтығы бойынша жаңа рекордқа қол жеткізді.

«Фурия роха» Ұлттар лигасында чехтерге қарсы өткен матчты қоса алғанда, қатарынан 16 ойында жеңілмеген: 11 рет жеңіп, бес кездесуді тең аяқтаған.

Сонымен бірге бұл жеңіс Испанияның барлық турнирлердегі жалпы жеңіліссіз сериясын 41 матчқа дейін ұзартты.

Ұлттар лигасының биылғы маусымында Испания Англияны (3:2), Хорватияны (4:1) және Чехияны (3:1) ұтты. Келесі турда испандықтар 2026 жылдың 6 қазанында Хорватиямен кездеседі.