Q Football

Вайсс «құдайдың сыйы» Словакияға Қазақстанды жеңуге көмектесті деп мәлімдеді

Вайсс «құдайдың сыйы» Словакияға Қазақстанды жеңуге көмектесті деп мәлімдеді
Getty Images

Бұл кездесуде Словакия Қазақстанды 2:1 есебімен жеңді. Ұлттар лигасының С дивизионы, 3-топта словакиялықтар алты ұпай жинап отыр, ал Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге бір ұпай ғана бар

Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс Қазақстанға қарсы ойында командасы біраз қиналғанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстан алаң ортасында үш жекпе-жекте басым түсіп, соның жалғасында «тоғыздыққа дәл тиген керемет соққымен» есеп ашқан.

Вайсс осы голдан кейін матчтың Словакия үшін ауырлағанын жасырмады. Дегенмен, бапкердің айтуынша, командасына стандарт жағдай көмектескен.

- Қазақстан алаң ортасында біз үш жекпе-жекте жеңіліп қалғаннан кейін әдемі гол соқты - тоғыздыққа дәл тиген керемет соққы. Осыдан кейін бізге біраз қиналуға тура келді, бірақ бақытымызға қарай, стандарт жағдай көмектесті. Ганцконың жақын бағанада ойнауға нағыз құдай берген дарыны бар. Матчтың тағдырын сол шешті, сондықтан қуанып отырмыз. Ертең демалып, Фарер аралдарына аттанамыз, - деді Вайсс.