Q Football

Томас Франк «Кристал Пэласқа» ауысуға жақын

Томас Франк «Кристал Пэласқа» ауысуға жақын
©️Foot Mercato

Даниялық маман Томас Франк «Кристал Пэлас» клубының бас бапкері қызметіне басты үміткер атанды. Қазіргі уақытта тараптар келіссөз жүргізіп жатыр.

The Athletic басылымының мәліметінше, Лондон клубы ақпан айынан бері жұмыссыз жүрген «Брентфорд» пен «Тоттенхэмнің» бұрынғы бапкерін тағайындауды көздеп отыр. «Кристал Пэлас» 16 матчтан кейін қызметінен кеткен Пьер Саждың орнына жаңа маман іздеуде.

Клуб Шон Дайч пен Витор Перейраның кандидатураларын да қарастырған. Алайда қазір басымдық Томас Франкке беріліп отыр. Келіссөздерде болашақ жаттықтырушылар штабының құрамы мен команданың нәтижесін жақсартуға қажетті ресурстар да талқылануда. Қазіргі уақытта «Кристал Пэлас» чемпионат кестесінде соңғы орында тұр.