АПЛ сайтының хабарлауынша, алғашқы тур 2027 жылғы 13 тамызда, жұма күні басталады. Соңғы матчтар 2028 жылғы 21 мамырда, жексенбі күні өтеді.
Осы аралықта командалар 33 демалыс күнінде және жұмыс күндеріне белгіленген тағы бес турда ойнайды. Англия чемпионаты 2027/28 маусымындағы Чемпиондар лигасының финалынан жеті күн бұрын аяқталады.
