Ағылшын премьер-лигасының 11-турындағы бұл матч сенбі күні өтті. Metro мәліметінше, «Челси» басшылығы Алонсоның болашағы туралы асығыс шешім қабылдап, оны қызметке келгеніне көп өтпей босатқысы келмейді. Клуб «Байер» сапындағы жұмысымен танылған испан бапкерін жазда үлкен үмітпен шақырған.
Әзірге нәтиже көңіл көншітпейді: «Челси» 11 матчта бес рет жеңіліп, 20 гол жіберді.
«Лидске» қарсы ойында Эмманюэль Эмага 25-минутта «Челсиді» алға шығарды. Ноа Окафор есепті теңестірді, кейін Доминик Калверт-Льюин пенальтиден екінші голды соқты. Окафор тағы бір рет мергендік танытып, «Лидстің» үшінші добын енгізді. Қосымша уақытта Бренден Ааронсон есепті 4:1-ге жеткізді.
«Челси» жанкүйерлері ойын барысында команданың өнеріне наразылығын ашық білдірді. Матчтан кейін Алонсо футболшыларының өзіне деген сенімі төмендегенін мойындады. Оның айтуынша, команда «Лидстің» қарымта голына дұрыс жауап бере алмай, екінші таймда басымдықты қарсыласына беріп қойды.
