Келіссөз басталғанын журналист Сесар Луис Мерло хабарлады. «Ливерпуль» 27 жастағы футболшыны командада қалдырғысы келеді: ол ортаңғы шепте маңызды рөл атқарады.
Мак Аллистер 2023 жылдың жазында «Брайтоннан» ауысып келді. Ол жаңа командаға тез үйреніп, негізгі жартылай қорғаушылардың біріне айналды.
Тараптар әзірге жаңа келісімшарт жөнінде түпкілікті келісімге келген жоқ.
