22 жастағы Валентин Барко жазда «Страсбурдан» «Челсиге» ауысып, Англия премьер-лигасына оралды. Ол лондондық клубпен 2033 жылға дейін келісімшарт жасасты.
Әзірге Барко негізгі құрамнан тұрақты орын ала алмады. Осы маусымда ол барлық турнирде 7 матч өткізіп, 1 гол соқты. Соның 4-еуі Премьер-лигаға тиесілі. Қорғаушы «Стэмфорд Бридждегі» үздік ойындары әлі алда деп сенеді.
«Мен командаға бұдан әлдеқайда көп пайда әкеле аламын. Мұны «Страсбурда» жүргенде де айтқанмын. Жақсы ойнаған кезімде де қолымнан бұдан көбірек келетінін білетінмін. Өзіме қатты сенемін. Сондықтан дами түсу үшін жұмыс істей беруім керек», — деді Барко.
Құрамадағы үзілісте де ол алаңға шықпады. Аргентина Уругвайдан 1:2 есебімен жеңіліп, Коста-Риканы 7:0 есебімен ұтқан жолдастық кездесулерде Баркоға ойын уақыты берілмеді.
«Футболшы әрдайым ойнағысы келеді. Алаңға шықпағаныңа қуанбайсың, әрине. Бірақ мен мұның әлемдегі ең мықты құрама екенін түсінемін. Ел намысын қорғауға шақырылғаныма қуаныштымын. Енді «Челсиде» ойнап, командаға көмектесуге тырысамын», — деді ол.
