Q Football

Маурисио Почеттино «Манчестер Юнайтедтегі» алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді

Маурисио Почеттино «Манчестер Юнайтедтегі» алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді

Маурисио Почеттино «Манчестер Юнайтед» бас бапкері қызметіндегі алғашқы баспасөз мәслихатына қатысып, командамен жұмыс бастаған алғашқы күндері туралы айтты

«Кешіккенім үшін кешірім сұраймын. Жаттығудан енді ғана шықтым, тіпті душ қабылдап үлгермедім. Қазір менің басты міндетім қандай? Жақсылап ұйықтау. Бірақ әзірге оған мүмкіндік болмай жүр! Тәулігіне небәрі үш-төрт сағат ұйықтаймын.

Менің жаттықтырушылар штабым бұл жерге өз идеяларымыз бен философиямызға сүйене отырып, бәрін жаңадан қалыптастыру үшін келді. Ойыншылар біздің ұстанымымызды қабылдап, үнемі дамуымыз керек екенін түсінуі тиіс. Бұл — біздің жұмысымыз.

Бруну Фернандеш — капитанымыз әрі команданың аса маңызды ойыншысы. Дегенмен әр футболшы өзін ұжымға қажет екенін сезінуі керек.

Соңғы екі күнде ойыншылар бізді жақсы қабылдады. Бұл командалық жиналыстарда да, жаттығу кезінде де байқалды.

Бүгінгі жаттығу әдеттегіден сәл ұзаққа созылды. Матчқа екі күн қалғанда мұндай жағдай жиі кездеспейді. Жаттығу соңында ойыншылармен сөйлесіп, олардың осындай күш салғаны үшін алғысымды білдірдім», — деді Почеттино.