«GFFN» дерегінше, 24 жастағы испаниялық футболшы қазан айының соңында «Лилльге» қарсы өткен және тең аяқталған кездесуде санның артқы бұлшықетін зақымдап алған.
Команданың бас бапкері Филипе Луис Фатидің сауығуы ұзаққа созылатынын айтты. Бапкердің сөзінше, ойыншының жағдайы Рождестводан кейін қайта тексеріледі, сол себепті оның алаңға 2027 жылға дейін оралуы іс жүзінде мүмкін емес.
Дегенмен, Фатиге операция жасалмайды. «Монаконың» медициналық штабы шабуылшыны консервативті тәсілмен емдеп, қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
