Q Football

«Удинезе» шабуылшысы Дэвистің жарақаты қайта сыр берді

«Удинезе» шабуылшысы Дэвистің жарақаты қайта сыр берді

Кейнан Дэвис жарақатына байланысты «Болоньяға» қарсы ойынды өткізіп алды. Оның орнына шабуылда ойнаған Николо Дзаньоло есепті теңестірді.

Дэвис болмағандықтан, Дзаньоло матчты «жалған тоғыздық» ретінде бастады. Надир Дзортеа «Болоньяны» алға шығарды, кейін Дзаньоло жауап голын соқты. Коста Руньяич қызметінен босатылған соң «Удинезені» қабылдаған Паоло Дзанетти осылайша команда басындағы алғашқы ұпайын алды.

Матчтан кейін Дзанетти Дэвистің жағдайына тоқталды: «Оның жағдайын күн сайын бағалауымыз керек. Бұл жолы жарақаты бұрынғыдан басқа тұсында қайталанды. Маусымның ең маңызды кезеңінде қатарымызда болуы үшін оны күтуіміз керек. Оның жоқтығы бізге үлкен қиындық туғызады», — деді бапкер.