Q Football

«Барселона» жеңгенімен, Флик төрешілерді сынады

«Барселона» жеңгенімен, Флик төрешілерді сынады

«Барселона» «Вильярреалдан» екі доп қалып қойса да, 3:2 есебімен жеңді. Матчтан кейін Ханси Флик төртінші төрешіге наразылық білдірді.

«Барселона» алғашқы жеті минутта Тьерно Барри мен Тани Олувасейиден гол жіберіп алды. Команда үзіліске дейін пенальтиді де пайдалана алмады.

Екінші таймда Жерар Мартин Педридің пасынан кейін баспен гол соқты. 60-минутта Фермин Лопес Ламин Ямалдың пасын голға айналдырып, есепті теңестірді. Ал 67-минутта Пау Наварро Эрик Гарсияның пасынан кейін допты өз қақпасына жіберді.

74-минутта қосалқы орындықта отырған Лопес алаңнан қуылды. Төреші Эрнандес Эрнандестің матч хаттамасына сай, жартылай қорғаушы төртінші төрешіге жақындап, «Маған тиіспе!» деп бірнеше рет дауыстаған. Ол қызыл қағаз көрсетілгенге дейін киім ауыстыратын бөлмеге қарай кетіп қалған.

Флик те қарсылығы үшін сары қағаз алды. Бапкердің айтуынша, төрешілер оған жауап бермеген, ал өзі ойын барысы туралы сұрағаны үшін ескерту алған.

«Төртінші төреші тек біздің қосалқы орындыққа қарап тұрды», — деді Флик матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.