Яссир Забири 6-минутта есеп ашты. Арада екі минут өткенде марокколық шабуылшы екінші голын соғып, «Расинг Сантандердің» басымдығын арттырды.
Үзіліс қарсаңында, 45+1-минутта Микель Оярсабаль есеп айырмасын қысқартты. Ал 60-минутта Гонсалу Гедеш гол соғып, таразы басын теңестірді — 2:2.
«Расинг Сантандер» 68-минутта қайта алға шықты: Серхио Каналес пенальтиден гол соқты. Алаң иелері 3:2 есебін матч соңына дейін сақтап қалды.
