5-минутта Бьюкенен, 7-минутта Олувасей гол соғып, «Вильярреалды» алға шығарды. 23-минутта Ламин Ямаль пенальтиді орындай алмады: доп қақпа бағанасына тиді.
Екінші таймда «Барселона» есепті теңестірді. 57-минутта Мартин, 61-минутта Фермин гол соқты.
67-минутта «Вильярреал» қорғаушысы Пау Наварро допты өз қақпасына жіберді. Ол 90+3-минутта екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
