Q Football

«Осасуна» Будимирдің голымен «Малаганы» жеңді

«Осасуна» Будимирдің голымен «Малаганы» жеңді

«Осасуна» Испания чемпионатының 13-турында «Малаганы» өз алаңында 1:0 есебімен жеңді. Матч тағдырын Анте Будимирдің бірінші таймдағы голы шешті.

Алаң иелері ойынды белсенді бастап, бірнеше қауіпті сәт жасады. 17-минутта Валентен Розье бұрыштамадан берілген допты баспен қақпаға бағыттады, бірақ дәл тигізе алмады.

20-минутта Розье айып алаңына дәл пас асырды. Будимир қорғаушылардан озып шығып, допты баспен Альфонсо Эрреро қақпасының төменгі бұрышына жіберді — 1:0. Үзіліс алдында Алехандро Катена сары қағаз алды.

Екінші таймда «Малага» шабуылды күшейтіп, есепті теңестіруге тырысты. «Осасуна» ойыншыларын алмастырып, басымдығын сақтауға көшті. 90+2-минутта Катена алаңнан қуылды, бірақ қонақтар есепті өзгерте алмады.