Q Football

«Барселона» Фермин Лопесті Англия клубтарына сатпайды

«Барселона» Фермин Лопесті Англия клубтарына сатпайды

Каталония клубы қанша ақша ұсынылса да жартылай қорғаушысын жібергісі келмейді. Соңғы апталарда оған «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытқан.

Трансфер маманы Фабрицио Романоның айтуынша, «Барселона» Фермин Лопеске Англиядан түсетін ұсыныстарды қарастырмайды. Клуб оны командада қалдыруға бел буған.

Ағылшын клубтары Ферминге бұрын да назар аударған. Шамамен 1,5–2 жыл бұрын «Челси» оны алуға тырысты. Ал соңғы апталарда «Манчестер Юнайтед» ойыншы үшін қомақты қаржы ұсынуға дайын екені хабарланды.

Ферминнің де кеткісі жоқ. Ол «Барселонаны» жақсы көреді, осы клубпен Чемпиондар лигасын ұтып, басқа да жүлделерге қол жеткізуді көздейді. Жақында жартылай қорғаушы келісімшартын ұзартты. Романоның айтуынша, қазір оның Англияға ауысуы жөнінде келіссөз жүріп жатқан жоқ.