Q Football

Салах «Галатасарайды» талқандады: Түркия Суперлигасының 6-туры несімен есте қалды

Салах «Галатасарайды» талқандады: Түркия Суперлигасының 6-туры несімен есте қалды

Мысырлық футболшы хет-трик жасап, бір нәтижелі пас берді. «Фенербахче» турдағы ең ірі жеңіске жетті — 8:0, ал «Амед» турнир кестесінің көшін бастады.

Алтыншы тур өте нәтижелі өтті: тоғыз матчта командалар 31 гол соқты. Гол тіркелмеген жалғыз кездесу «Касымпаша» мен «Коньяспор» арасында өтті — 0:0.

«Трабзонспор» «Галатасарайды» 4:0 есебімен талқандады. Мохамед Салах 4-минутта есеп ашып, кейін Ноа Савиолоға нәтижелі пас берді. Үзіліске дейін дубль жасаған мысырлық ойыншы 80-минутта үшінші голын соқты. Бұл «Галатасарайдың» чемпионаттағы алғашқы жеңілісі болды. Екінші таймда қонақтардың бас бапкері Окан Бурук алаңнан қуылды, кейін Лесли Угочукву да қызыл қағаз алды.

Турдағы ең ірі жеңіске «Фенербахче» жетті. Команда «Эюпспорды» 8:0 есебімен ойсырата ұтты. Ведат Мурики покер жасады, Мейсон Гринвуд дубль авторы атанды. Маттео Гендузи мен Ирфан Кахведжи де бір-бір голдан соқты. Бірінші таймнан кейін есеп 5:0 болды.

«Амед» нәтижелі матчта «Бешикташты» 3:2 есебімен жеңді. Гифт Орбан мен Диа Саба алаң иелерін екі доп айырмасымен алға шығарды. Душан Влахович есеп айырмасын қысқартқанымен, Фуркан Соялп «Амедтің» басымдығын қайта арттырды. 84-минутта алаң иелері он ойыншымен қалды, ал 90+8-минутта Оркун Кёкчю пенальтиден гол соқты. Бірақ қонақтар есепті теңестіре алмады.

«Башакшехир» өз алаңында «Генчлербирлигини» 4:0 есебімен жеңді. Андреас Сков Ольсен есеп ашты, Элдор Шомуродов дубль жасады, ал Дави Зельке пенальтиді дәл орындады.

«Коджаелиспор» «Газиантептен» 2:0 есебімен басым түсті. Екінші таймда Беркан Кутлу мен Даниэль Аджей гол соқты.

«Аланьяспор» Чорумнан үш ұпай алып қайтты — 2:1. Гайус Макута қонақтарды алға шығарды, Хесус Рамирес есепті теңестірді. Алайда араға екі минут салып Арда Услуоглу жеңіс голын соқты.

«Эрзурумспор» «Самсунспорды» 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды бірінші таймның соңында Мигел Кардозу соқты.

«Гёзтепе» мен «Ризеспор» 2:2 есебімен тең түсті. Арда Куртулан 2-минутта есеп ашты. Кейін Ибрахим Олавойин мен Юстин Дойкару қонақтарды алға шығарды. Алаң иелері 90+4-минутта Эфкан Бекироглудың пенальтиден соққан голының арқасында жеңілістен құтылды.

Турнир кестесі: 1. «Амед» — 13 ұпай, 2. «Галатасарай» — 13, 3. «Бешикташ» — 12. Толық кесте осында

Сұрмергендер: 1. Салах — 7 гол, 2. Орбан — 7, 3. Осимхен — 6. Толық тізім осында

Ассистенттер: 1. Кахведжи — 3 ассист, 2. Осимхен — 2, 3. Салах — 2. Толық тізім осында