Гусев Воронеждің «Факелінен» түскен ұсынысқа келіспей, жұмысын Грозныйда жалғастыруды таңдаған.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Станислав Черчесовтің «Ахматтан» кететіні туралы жазған. Бұл ақпарат Ресей Премьер-Лигасының 13-турында грозныйлықтардың Мәскеудің «Динамосынан» қонақта 0:2 есебімен жеңілгенінен кейін тарады.
Қазір «Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшылары Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек ойнап жүр. «Динамоға» қарсы кездесуде Самородов негізгі құрамда алаңға шығып, 76-минутта ауыстырылды, ал Кенжебек бұл матчтың өтініміне енген жоқ.
РПЛ-де 13 ойыннан кейін «Ахмат» 11 ұпай жинап, төменгі лигаға түсіп қалу аймағында тұр. Команда келесі кездесуін 7 қарашада «Родинаға» қарсы өткізеді, матч Қазақстан уақытымен 18:30-да басталады.
