Q Football

Кейн Англия құрамасындағы матчтар саны бойынша Шилтонның рекордын қайталады

Кейн Англия құрамасындағы матчтар саны бойынша Шилтонның рекордын қайталады

«Бавария» шабуылшысы ұлттық құрама сапындағы 125-ші ойынын өткізді.

Opta мәліметінше, Кейн осы көрсеткіш бойынша аңыз қақпашы Питер Шилтонмен теңесті - Шилтон да Англия сапында 125 матч өткізген. Қақпашы ұлттық құрамада 1970 жылдан 1990 жылға дейін ойнаған.

Кейнге бұл межеге жету үшін 2015 жылдың наурызындағы дебютінен бері шамамен 11,5 жыл қажет болды. Қазір «Баварияның» форварды Шилтонмен бірге Англия құрамасындағы матч саны бойынша бірінші орынды бөлісіп тұр.

Кейн Англия тарихындағы ең үздік сұрмергендер тізімінде де жеке-дара көш бастап келеді: оның ұлттық құрамадағы еншісінде 89 гол бар.

Бұдан бөлек, шабуылшы ұлттық құраманың тағы бірнеше рекордын иеленіп отыр. Кейн ірі халықаралық турнирлерде ең көп матч өткізген ойыншы - 36, сол жарыстарда рекордтық 21 гол соққан және мұндай додаларда Англияны 32 рет капитан ретінде алаңға бастап шыққан.