Негізгі оқиғалар үзілістен кейін өрбіді. 68-минутта Александру Чикылдэу есеп ашса, төрт минуттан кейін Деннис Ман румыниялықтардың басымдығын екі голға жеткізді.
82-минутта Филип Регуланың голының арқасында Польша есеп айырмасын қысқартты. Алайда қонақтар жеңілістен құтыла алмады. Алаң иелері финалдық ысқырыққа дейін жеңісті есепті сақтап қалды.
Бұған дейінгі өзара кездесуде Польшадан 0:6 есебімен ойсырай жеңілген Румыния үшін бұл жеңістің маңызы ерекше болды. Соңғы турда Румыния құрамасы Босния және Герцеговинаға қарсы ойнайды.
