Футболшының айтуынша, команда кездесуде бар күшін салғанымен, соңғы минуттарда ұпайдан айырылып қалған.
- Бүгінгі ойында барымызды салдық, көп жүгірдік, бірақ соңғы минуттарда ұпайдан айырылып қалдық. Оған дейін бәрі жақсы ойнады. Жалпы, жеңіске жетуге мүмкіндік болды, сәттеріміз де болды, бірақ өзіміз пайдалана алмадық, - деді Әмір.
Одан матч нәтижесіне қарсыластың еуропалық деңгейі әсер етті ме деген сұрақ та қойылды.
- Білмеймін, олай деп айта алмаймын, - деп жауап берді ол.
Сондай-ақ Әмір екі кездесуде де негізгі құрамда ойнағанын еске алып, ойын қарқыны мен қарсыластардың ерекшелігі туралы пікір білдірді.
- Мұнда бәрі өте жылдам өтеді. Тез ойлап, тез шешім қабылдау керек, - деді шабуылшы.
Екі турдан кейін Қазақстан құрамасы өз тобында үшінші орында келеді. Алғашқы матчта ұлттық құрама Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең ойнаған. Келесі ойынды команда 2026 жылдың 2 қазанында Астанада Молдоваға қарсы өткізеді.
