Q Football

Фабиан Руис «Алтын доп» үшін бәсекедегі мүмкіндігін бағалады

Фабиан Руис «Алтын доп» үшін бәсекедегі мүмкіндігін бағалады
L'Équipe

2026 жылғы жүлдеге үміткер 30 ойыншының қатарына енген «ПСЖ» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы жеңіп алған титулдар саны бойынша өзінен ешкім асып түспегенін мәлімдеді. Футболшының сұхбатын L'Équipe жариялады.

Өткен маусымда испаниялық ойыншы париждіктермен бірге Чемпиондар лигасын жеңіп алып, кейін ұлттық құрама сапында әлем чемпионы атанды. Былтыр ол дауыс беру қорытындысында 24-орын алған еді, енді одан жоғары көтерілуге үмітті.

«Отыз ойыншының тізімінде болу — мен үшін үлкен мәртебе. Меніңше, футболшы үшін «Алтын доп» — тамаша әрі маңызды марапат. Биыл мүмкіндігінше жоғары орын аламын деп үміттенемін», — деді Руис.

Сонымен қатар жартылай қорғаушы жеке көрсеткіштер бойынша мықты бәсекелестері бар екенін мойындады.

«Титулдарға келсек, менен жақсы өнер көрсеткен ешкім жоқ деп ойлаймын. Бірақ жеке деңгейде маусымды өте жақсы өткізген тамаша ойыншылар болды. Олардың деңгейіне енді ешқандай күмәніміз жоқ», — деп атап өтті ол.

Ойыншының пікірінше, маусым барысында жіберіп алған үш айы жүлде үшін таласқа кедергі болмауға тиіс.

«Маусымның шешуші сәттерінде, бақытыма орай, алаңда болдым және «Пари Сен-Жерменде» де, құрамада да маңызды рөл атқардым. Сондықтан ойыннан тыс қалған кезеңім «Алтын доп» бойынша дауыс беруге әсер етеді деп ойламаймын», — деп қосты жартылай қорғаушы.