41 жастағы шабуылшы бұған дейін әлеуметтік желіде өз шешімін жариялаған болатын.
Команда жаңартылған нөмірді Ұлттар лигасы-2026/2027 турнирінің бесінші турында Данияға қарсы өтетін матч алдында көрсетті. Кездесу Брага қаласындағы «Мунисипал-ди-Брага» стадионында өтеді.
«Жаңа жетінші нөмірді таныстыратын уақыт келді. Өйткені мәңгілікке қалатын жетілік те бар», — деп жазылған Португалия құрамасының Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Роналду ұлттық құрамадағы алғашқы матчын 2003 жылғы 20 тамызда өткізді. Ол Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық кездесуде (1:0) 18 жасында алаңға екінші таймда қосылды.
Португалия құрамасы сапында шабуылшы 234 матч өткізіп, 146 гол соқты және 45 нәтижелі пас берді. Ол ұлттық командамен бірге 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, Ұлттар лигасын екі рет — 2018/2019 және 2024/2025 маусымдарында жеңіп алды.
