Q Football

Косово Австриямен сенсациялық түрде тең ойнады

Косово Австриямен сенсациялық түрде тең ойнады
Getty Images

Косово мен Австрия кездесуі жалпы алғанда тең деңгейде өтті. Алғашқы таймда екі команда да сақ ойнап, аса көп қауіпті сәт жасай алмады. Допқа көбірек иелік еткен Австрияға Косово жылдам шабуылдармен жауап беруге тырысты

Екінші таймда алаң иелері белсенділігін артты да, 70-минутта есеп ашты: Фисник Асслани Эдон Жегровадан пас алып, допты қақпаның төменгі бұрышына дәл бағыттады.

Австрия бұдан кейін қысымды күшейтіп, 85-минутта таразы басын теңестірді - Кристоф Ланг баспен гол соқты. Қалған уақытта қонақтар жеңіс добын іздегенімен, Косово қорғаныста қателеспеді.

Косово - Австрия 1:1
Голдар: Асслани, 70 - Ланг, 85.