— Сатпаев, әрине, ең үлкен таланттардың бірі. Оны 18–19 жастағы Исламханмен салыстыруға болады. Сатпаев өзін 18 жасқа толған күні көрсетті, сол кезде біз «Слованмен» Чемпиондар лигасындағы жарыстан шығып қалған едік. Мұны еске алу маған онша жағымды емес, бірақ ол расында да өте талантты футболшы. Оған Англияда сәттілік тілеймін. Ең бастысы — жарақатсыз болса екен. Оның қалай ойнағанын көрдім. Бұл — үлкен талант. Мұндай футболшы мүмкін 10–15 жылда бір рет қана шығатын шығар. Жылдамдық, екі аяқпен де жұмыс істей білу, алаңды көру, соққы… Оның үлкен футболға қажетті барлық деректері бар.
Ағымдағы маусымда Сатпаев «Бернли» сапында жеті матч өткізді, бірақ әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.
