Ұлттар лигасындағы Қазақстан — Фарер аралдары матчында (2:2) алғашқы голды соққан футболшы Астанадағы ойыннан алған әсерімен бөлісті. Қонақтардың шабуылшысы ұпай жоғалтуды Мартин Агнарссонның қызыл қағазымен байланыстырды. «Менің өзімде тағы бірнеше мүмкіндік болды. Олар тең нәтижеге лайық емес еді, бірақ халықаралық деңгейде қызыл қағаз алсаң, осындай да болады», — деді Кнудсен.
28 жастағы футболшы үшін бұл ұлттық команда сапындағы ресми кездесулерде соққан алғашқы голы болды. Ол Йоаннес Бьярталид бұрыштамадан берген допты баспен қақпаға бағыттады.
«Қазіргі бапкерлер штабы келгенге дейін құрамада маған көп мүмкіндік берілмейтін. Үштен көп гол соға алар едім, ал бүгін кешке біреуден көп соғуыма болатын еді, дегенмен бәрі жаман емес деп ойлаймын», — деп атап өтті шабуылшы.
Ол Бьярталидтің соққысынан кейінгі допты қақпаға бағыттай алмаған сәтін де еске алды. «Допқа жете алатынымды көріп, алға ұмтылдым, бірақ сәтін дәл есептей алмадым», — деп мойындады ол.
Ойынның нәтижесі оны ренжітті, алайда Кнудсен әріптестерінің ойынына риза. Ол командасының өнерін мақтан тұтатынын жеткізді, ал есеп 2:0 болған кезде Фарер аралдарының басымдығы, оның сөзінше, бұдан да айқын болуға тиіс еді.
