Q Football

Сәтпаевтың «Бернлиі» турнир кестесінде соңғы орынға түсті

Сәтпаевтың «Бернлиі» турнир кестесінде соңғы орынға түсті
Getty Images

Ағылшын Чемпионшипының жетінші турында «Бернли» қонақта «Суонсиға» қарсы ойнап, 1:2 есебімен жеңілді

Ойын «Суонси» қаласындағы «Суонси дот ком Стэдиумда» өтті. Кездесудің 14-минутында алаң иелері сапынан Адам Айда есеп ашты. 33-минутта «Суонсидің» малилік шабуылшысы Мусса Йео айырманы ұлғайтты.

Екінші таймда «Бёрнли» 58-минутта Ларжи Рамазанидің голы арқылы есепті қысқартқанымен, камбэк жасай алмады. 65-минутта алаңға шыққан «Бёрнлидің» аты аңызға айналған жаңа ойыншысы Джейми Варди де командасына көмектесе алмады. 68-минутта Жан Випотник тағы бір гол соғып, «Суонсидің» басымдығын қайтадан екі допқа жеткізді - 3:1.

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев 2 қыркүйекте «Мидлсбродан» қарсы өткен үй матчында (1:1) алған жарақатынан кейін «Челсидің» базасында ем қабылдап жатыр. «Бёрнлидің» бас бапкері Никки Хайеннің айтуынша, 18 жастағы футболшы екі клубтың медициналық штабтары бірлесіп әзірлеген бағдарлама бойынша қалпына келуде және халықаралық үзілістен кейін сапқа қосылуы тиіс.

Жеті турдан кейін «Бёрнли» бар болғаны үш ұпай жинап, турнир кестесінде 24-орында тұр. Ал 14 ұпайы бар «Суонси» екінші орынға көтерілді.