Q Football

«Пахтакор» бапкері «Әл-Насрдан» ойсырай жеңілуді масқара нәтиже деп санамайды

«Пахтакор» бапкері «Әл-Насрдан» ойсырай жеңілуді масқара нәтиже деп санамайды

Өзбекстандық клубтың бас бапкері Эмилиан Карас АФК элиталық Чемпиондар лигасының төртінші турында 2:6 есебімен аяқталған матчқа қатысты пікір білдірді. Маманның айтуынша, қорытынды есеп алаңдағы ойынның шынайы көрінісін толық көрсетпейді.

«Иә, біз алты гол жіберіп алдық. Бірақ өзіміз де бұдан көп гол соға алар едік. Мұндай мықты қарсыласқа қарсы әлдеқайда ұйымшыл әрі жинақы ойнау қажет», – деді Карас.

Бапкердің сөзінше, матч тағдырын қысқа уақыт ішінде жіберілген екі гол шешкен. Осыдан кейін «Пахтакор» шабуылға белсендірек шығуға мәжбүр болып, қорғаныста бос аймақтар қалдырды. Мұны Жоау Феликс пен Сауд Арабиясы клубының өзге футболшылары тиімді пайдаланды.

Карас командасының бастапқы жоспары жеңіске жетіп, қарсыласқа жоғары қарқынды прессинг жасау болғанын атап өтті. Ауыр жеңіліске қарамастан, маман жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтып, бұл нәтижені команда үшін ащы сабақ деп атады.