Q Football

Фарер журналистері Қазақстанға қарсы ойынға шығатын негізгі құрамды болжады

Фарер журналистері Қазақстанға қарсы ойынға шығатын негізгі құрамды болжады

Kvf.fo басылымы Ұлттар лигасының төртінші турында Қазақстан құрамасымен кездесетін Фарер аралдары командасының алаңға кімдерді шығаратынына қатысты өз нұсқасын жариялады.

Портал авторларының пайымдауынша, қонақтар 5-4-1 сызбасымен ойнайды. Қақпаны Маттиас Х. Ламхауге қорғайды, ал қорғаныс шебінен Йоаннес К. Даниэльсен, Одмар Фэрё, Гуннар Ватнхамар, Самуэль Чуквуди және Мартин Агнарссон орын алады деп күтілуде. Жартылай қорғаныста Аки Д. Самуэльсен, Геза Давид Тури, Йоаннес Бьорталид пен Ханус Сёренсен өнер көрсетіп, шабуыл шебінде Петур Кнудсен ойнауы мүмкін.

Кездесу 6 қазанда Астанада өтеді. Фарерліктердің еншісінде үш ұпай бар, ал қазақстандықтар үш турда бір-ақ ұпай жинаған. Қарсыластардың Торсхавнда өткен алғашқы ойынында жеңімпаз анықталмай, есеп 1:1 болған еді.