Q Football

Финляндия Сан-Мариноға еш мүмкіндік қалдырмады

Финляндия Сан-Мариноға еш мүмкіндік қалдырмады
Getty Images

Финляндия құрамасы Сан-Мариномен өткен ойында голға кенеліп, қарсыласын 7:2 есебімен ірі жеңді

Кездесудің басында-ақ финдер қарқынын бірден қосты. 8-минутта Адриан Сванбек есеп ашса, 17-минутта Лео Валта айырманы ұлғайтты. 20-минутта Сванбек тағы бір мәрте дәл соғып, дубльін тіркеді.

Сан-Марино 26-минутта Никола Наннидің пенальтиден соққан голымен жауап берді. Бірақ Финляндия ойын тізгінін бермеді: 36-минутта Йоэл Похьянпало төртінші голды соқты, ал 42-минутта тағы да мергендік танытып, дубль жасады.

Екінші таймда да алаң иелері басымдығын сақтап қалды. 70-минутта Даниэль Хяканс есепті ірілендірді. 76-минутта Нанни өз командасының екінші голын соққанымен, арада екі минут өткенде Сванбек хет-трик жасап, матчтың қорытынды есебін бекітті - 7:2.

Финляндия - Сан-Марино 7:2
Голдар: Сванбек, 8, 20, 78, Валта, 17, Похьянпало, 36, 42, Хяканс, 70 - Нанни, 26, 76.