Q Football

Ғалымжан Кенжебек Қазақстан құрамасы сапында ойнамайды

Ғалымжан Кенжебек Қазақстан құрамасы сапында ойнамайды
QAZSPORT

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының төртінші турында Фарер аралдарымен өтетін өз алаңындағы матч алдында үлкен шығынға ұшырады

Футболшы ескертулердің шектен асуына байланысты дисквалификацияға ұшырады: Фарер аралдарына қарсы алғашқы матчта (1:1) ол сары қағаз алса, кейін Молдовамен өткен ойында (1:2) тағы бір «сары қағазбен» жазаланды. Екі сары қағаз оны автоматты түрде келесі турдың өтінімінен тыс қалдырды.

Қазақстан Ұлттар лигасының жаңа маусымын сәтсіз бастады. Үш матчтан кейін Джон ван ’т Схип командасының еншісінде тек бір-ақ ұпай бар. Фарер аралдарымен тең ойыннан бөлек, құрама Молдовадан (1:2) және Словакиядан (1:2) жеңіліс тапты.