Шабуылшы 24, 47 және 86-минуттарда мергендік танытты. Осылайша Левандовски ұлттық құрамадағы голдарының санын 92-ге жеткізіп, халықаралық деңгейдегі жетінші хет-тригінің авторы атанды.
Бұл көрсеткіш поляк футболшысына ұлттық құрамалар тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде жеке-дара алтыншы орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Енді оның алдындағы Ромелу Лукакудің еншісінде 94 гол бар.
Үшінші голынан кейін Левандовски ерекше қуанды. Ол бұрыштама жалаушасына жүгіріп барып, қолын соған қойды. Осылайша Польша шабуылшысы «Барселонадағы» бұрынғы командаласы Ламин Ямальдің голдан кейінгі танымал мерекесін қайталады.
