Q Football

Хуан Мата мансабын аяқтады

Хуан Мата мансабын аяқтады

Әлем және Еуропа чемпионы 38 жасында футболмен қош айтысты. Мұны ол Instagram парақшасында ресми түрде хабарлады

Матаның соңғы клуб «Мельбурн» болған еді. Оған дейін «Вестерн Сидней», «Виссел Кобе», «Галатасарай», «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Валенсия» және «Реал Кастильяда» ойнаған.

Хуан клубтық мансабында жалпы 699 матчта 148 гол соғып, 166 нәтижелі пас берді және он трофей жеңіп алды.

Ал Испания құрамасымен 2010 жылы Әлем чемпионы атанса, 2012 жылы Еуропа біріншілігінде топ жарды. Мата «қызыл фурия» үшін 41 матчта он гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.