Q Football

Әзербайжан өз алаңында Литваны минималды есеппен жеңіп, топта көш бастады

Әзербайжан өз алаңында Литваны минималды есеппен жеңіп, топта көш бастады
Getty Images

Шешуші соққыны Чемпиондар лигасының басты сенсациясының жартылай қорғаушысы жасады.

Бір апта бұрын командалар Каунаста жолығып, 1:1 есебімен тең тарқасқан. Бұл жолы да ойын барысы шамалас өрбіді, бірақ өз алаңындағы кездесуде сәттілік Әзербайжанның жағына бұйырды.

Ойынның алғашқы бөлігінің ортасына таман Айхан Аббасов баптайтын ұжым есеп ашты. Аббасов-кіші айып алаңына бағытталған асырма пас берді. Сол сәтте Орудж Мамедов баспен соққы жасап көргенімен, қақпашы допты қайтарды. Қайта соққыға бірінші болып Турал Байрамов жетіп, допты бос қақпа алдына Абдулла Хайбуллаевқа ыңғайлап тастады. «Сабахтың» жартылай қорғаушысы мүмкіндікті мүлт жібермей, есеп ашты.

Осы 25-минуттағы гол матчтағы жалғыз әрі шешуші доп болып қалды. Нәтижесінде Әзербайжан 1:0 есебімен жеңіп, Ұлттар лигасының D дивизионы, 2-тобында көш бастады.

Әзербайжан - Литва - 1:0
Гол: Хайбуллаев, 25 минут