Q Football

«Атлетико» – «Барселона» матчының төрешісі белгілі болды

«Атлетико» – «Барселона» матчының төрешісі белгілі болды

Бүгін қос команда 12-тур аясында күш сынасады

Орталық матчта бас төреші қызметін Альберола Рохас атқаратын болды. Бұл маманның тұсында «Барселона» бес кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Рохас «Атлетиконың» да бес матчын басқарып, «матрасшылар» төртеуінде жеңіске жетіп, бір мәрте тең түскен.

01:00-де басталатын матч Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өтеді.

Турнир кестесінде «Барселона» 30 ұпаймен көш бастап тұр. Ал 28 ұпайы бар «Атлетико» үшінші орында келеді.