Осыған дейін бұлшық ет жарақатына байланысты Кристенсен жеті матчтан тыс қалса, Гарсия төрт ойынға қатыспаған еді.
01:00-де басталатын матч Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өтеді.
Турнир кестесінде «Барселона» 30 ұпаймен көш бастап тұр. Ал 28 ұпайы бар «Атлетико» үшінші орында келеді.
