«Біз бірінші таймды жақсы өткіздік. Екінші голды жіберіп алғаннан кейін матч қиындай түсті», — деді Зидан финалдық ысқырықтан кейін.
Франциялық маман команданың қорғаныста қиындықтарға тап болғанын мойындады. Алайда бір сәтсіз нәтижеге бола осы уақытқа дейін атқарылған барлық жұмысты жоққа шығармауға шақырды.
Сонымен қатар Зидан жеңілісті Килиан Мбаппенің болмауымен байланыстырудан бас тартты. Бапкер капитанның матчқа қатыспауын нәтиженің себебі ретінде талқылаудың қажеті жоқ екенін атап өтті.
