Италиялық маманға қапталда Даниеле Биндони мен Джованни Баччини көмектеседі. Төртінші төреші міндетін Кевин Боначина атқарады. VAR жүйесіне Алеандро Ди Паоло жауап берсе, оның көмекшісі Федерико Ла Пенна болады. Төрешілер бригадасының барлық мүшесі Италиядан.
Төрт турдан кейін Молдова құрамасы төрт ұпаймен С3 тобында үшінші орында тұр. Ал Қазақстан екі ұпай жинап, соңғы орынға жайғасқан. 2 қазанда Астанада өткен алғашқы кездесуде молдовалықтар 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Қарымта матч Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен ертең сағат 22:00-де басталады.
