31 жастағы Словакия құрамасының дүлдүлі Италия А Сериясының 9-турындағы «Монцаға» (4:1) қарсы ойында сол аяғының тобық буынындағы байламын зақымдап алып, 4-8 аптаға қатардан шыққан еді.
Осыған байланысты ол 16 қараша күні «Астана Аренада» өтетін Қазақстан құрамасына қарсы матчқа қатыспайды.
Төрт ойыннан кейін екі ұпай жинаған Джон ван’Т Шкип шәкірттері топта соңғы төртінші орында тұр. Отандастарымыз Словакиядан бұрын 13 қараша күні Молдоваға қонаққа барады.
