Q Football

Тухель: Мен өзімде барды өте жоғары бағалаймын және Ұлттар лигасын жеңуді, сондай-ақ Еурода ойнап, жеңіске жетуге тырысуды жан-тәніммен қалаймын

Тухель: Мен өзімде барды өте жоғары бағалаймын және Ұлттар лигасын жеңуді, сондай-ақ Еурода ойнап, жеңіске жетуге тырысуды жан-тәніммен қалаймын

Ұлттар лигасындағы матч қарсаңында 53 жастағы неміс маманы Футбол қауымдастығы басшылығы тарапынан толық сенім бар екенін және ұлттық құрамамен бірге трофейлерді жеңіп алуға деген ниетін атап өтті.

«Ешқандай өтемақы шарты да жоқ, кетуге ниет те жоқ. Мен келісімшартқа қол қойдым және Еуроға дейін қалғым келеді. Еуропа чемпионатында өнер көрсеткім келеді, өйткені бізде аяқталмаған шаруалар бар. Үлкен клуб шақырса, ертерек кетуім мүмкін бе? Меніңше, ондай ықтималдық жоқ», - деді Тухель.

Ақпанда әлем чемпионатындағы қола жүлдеден кейін келісімін екі жылға ұзартқан бапкер Англиямен бірге Ұлттар лигасын да, Еуро-2028-ді де ұтып алуды мақсат етіп отырғанын айтты. Сонымен қатар ол Футбол қауымдастығының атқарушы директоры Марк Буллингем мен футбол директоры Дэн Эшворт тарапынан қолдау жоғары екенін атап өтті.

«Мен ойыншыларымды да, бапкерлік штабымды да жақсы көремін, әрі маған сенетін, жұмысымызға разы басшыларым бар. Әр бапкер іздейтін нәрсе - осы. Қолымдағы барды қатты бағалаймын, Ұлттар лигасын жан-тәніммен ұтқым келеді, әрі Еурода ойнап, жеңіске жетуге талпынамын», - деді Томас Тухель.

Сонымен бірге Тухель алдағы уақытта клубтық футболға қайта оралатынын жасырмады. Оның айтуынша, клубтағы қарқынды жарыс ырғағы жетіспейді: «Иә, сөзсіз, бір күні қайта ораламын. Маған жылына 50 матч және шешуші минуттардағы сол ерекше эмоциялар жетіспейді. Дегенмен әр төрт күн сайын ойын өткізудің кем тұстарын да жақсы білемін. Ең алдымен, дәл қазір осында барым үшін өте ризамын. Өз командаңа шын беріліп кету, толық сенімге ие болу және басшылықтан бастап ойыншыларға дейінгі барлық үдеріс толық үйлесіп тұрған үйлесімділікті сезіну қаншалық сирек бұйыратынын білемін», - деп түсіндірді 53 жастағы маман.

Еске салсақ, бұған дейін «Пари Сен-Жермен», «Челси» және «Баварияны» жаттықтырған Тухель Англия құрамасын өткен жылдың басында тізгіндеп, сэр Гарет Саутгейттің тұрақты ізбасары атанған.

Англия Хорватиямен кездесуден кейін, жексенбі күні Ұлттар лигасында Испанияға қарсы сырт алаңда ойнайды. Осы екі матчтан соң Тухель шәкірттері ұлттық құрама ойындарынан наурызға дейін үзіліске шығады. Ал 2028 жылы келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейінгі болашағына қатысты бапкер кез келген нұсқаны қарастыратынын, оның ішінде Англия құрамасымен жұмысты жалғастыру мүмкіндігі де барын айтты.