«Ұлттық құрамаға келіп, оған пайдамды тигізу - мен үшін үлкен мәртебе. Өте қуаныштымын. Жарақаттан кейін біраз уақыт алаңға шықпадым. Қазір бабым қайта келіп жатыр. Командаға көмектесе аламын деп ойлаймын. Бізге не айтылып жатқанын толық түсінеміз. Құдай қаласа, екі матчқа да дайынбыз деп есептеймін. Әр жолы ұлттық құрамаға бір-бірімізді сағынып келеміз. Көріскенде қуанып қаламыз. Көңіл күй жақсы», - деді Әбікен.
Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі келесі матчтарда Қазақстан құрамасы алдымен 2026 жылдың 13 қарашасында сырт алаңда Молдова құрамасымен кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Ал 2026 жылдың 16 қарашасында қазақстандықтар «Астана Арена» стадионында Словакияны қабылдайды, бұл матч 20:00-де өтеді.
