Q Football

Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы «Ертісті» «Елімайға» ауыстырады

Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы «Ертісті» «Елімайға» ауыстырады

Өткен маусымда Бақтияр Төлеуов ҚПЛ-да 20 матч өткізді

Қазақстан U-21 жастар құрамасының орталық қорғаушысы Бақтияр Төлеуов мансабын семейлік «Елімай» сапында жалғастырады, деп хабарлайды ASnews.kz.

Павлодар футболының түлегі 2024 жылдың ақпанында «Ақсу» жүйесінен ауысқаннан кейін соңғы үш маусым бойы «Ертіс» намысын қорғады.

Аяқталған Қазақстан Премьер-лигасында 21 жастағы қорғаушы 20 ойын өткізді. Төлеуов Қазақстан U-21 құрамасындағы дебютін 2025 жылы Өзбекстан құрдастарына қарсы кездесуде (1:3) жасады, ал оның трансферлік құны 150 мың еуроны құрайды.