Винисиус Анчелоттидің қол астында «Реал» жейдесінде 90 рет мергендік танытса, италиялық маман баптаған Бразилия ұлттық құрамасы үшін тағы 10 гол соққан.
Бұл статистика Анчелоттидің Винисиус мансабындағы ықпалын тағы бір мәрте көрсетеді. Итальян бапкердің тұсында вингер мадридтік клубтың негізгі ойыншыларының қатарына қосылып, маңызды матчтарда жиі шешуші әрекеттерімен көзге түсіп, бірнеше ірі трофейге қол жеткізді.
Винисиус пен Анчелоттидің «Реалдағы» бірлескен кезеңі нәтижелі болды. Олар бірге Чемпиондар лигасын екі рет - 2021/22 және 2023/24 маусымдарында жеңіп алды, Испания чемпионатын да екі мәрте ұтты, сондай-ақ 2022/23 маусымындағы Испания кубогын иеленді. Бұған қоса, олардың ортақ олжасында Испания Суперкубогының екі жеңісі, УЕФА Суперкубогының екі титулы және клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы жеңіс бар.
Бразилиялық футболшы шешуші ойындарда да ерекше көзге түсті. 2022 жылғы Чемпиондар лигасының финалында «Ливерпульге» қарсы матчта жеңіс голын Винисиус соқты, ал 2024 жылы «Боруссия Дортмундке» қарсы финалда да голымен ерекшеленді. Сонымен қатар 2024 жылғы Испания Суперкубогының финалында ол «Барселонаның» қақпасына хет-трик жасап, Анчелотти басқарған «Реалдың» табысты кезеңіндегі маңызды сәттердің бірін қалыптастырды.
