Q Football

Ямальдың пенальтиден мүлт кетуі Фликке таңдау жасатты

Ямальдың пенальтиден мүлт кетуі Фликке таңдау жасатты
Goal.com

Sport басылымының мәліметінше, 21-минуттағы соққы алдында команданың негізгі пенальти орындаушысы Рафинья допты жас әріптесіне оның өтініші бойынша берген.

Бразилиялық футболшы пенальти орындауда жоғары сенімділік көрсетіп жүр. Ол қатарынан 21 соққыны голға айналдырған. Соңғы рет 2017 жылдың 23 желтоқсанында, «Витория Гимарайнш» сапында ойнап жүргенде мүлт кеткен. «Барселона» құрамында орындаған 11 пенальтиінің барлығын голға айналдырған. Жалпы мансабындағы дәлдік көрсеткіші — 95,6%.

Ал Ямаль биылғы маусымда үш пенальтидің біреуін ғана сәтті орындады. Жалпы мансабында 16 соққының 12-сін голға айналдырған.

Роберт Левандовски кеткеннен кейін «Барселонада» пенальти орындайтын тұрақты ойыншы анықталмаған. Ханс-Дитер Флик бұл мәселені футболшылардың өзара шешуіне мүмкіндік беріп келген. Алайда соңғы жағдайлар бапкерді бұл шешімді қайта қарауға итермелеуі мүмкін. Әсіресе маңызды матчтарда Рафиньяның статистикасы оның негізгі орындаушы болуына негіз береді.