Эдмилсон допты қабылдап, испаниялық шабуылшыға дер кезінде пас берді. Соққы жасауға қолайлы позицияға шыққан Гуаль сол аяғымен дәл соғып, допты Карнезекки қақпасының төменгі бұрышына бағыттады.
Гол жіберіп алғаннан кейін «Аталанта» есепті теңестіру үшін шабуылға көшті. Алаң иелері Шарль де Кетеларе мен Никола Залевскийді ойынға қосып, шабуыл шебін күшейтті.
