Сарапшы жаңа бас бапкермен жұмыс істеп жатқан «Қайраттың» жағдайына да тоқталды. Оның пікірінше, команда аутсайдер саналғанына қарамастан, «Алтаймен» тең дәрежеде ойнап шыққан. Дегенмен Эрбес бұл ойынға дейін бас бапкер алматылықтарды ерекше дайындап үлгереді деп ойламайтынын жеткізді: «жігіттер әрі физикалық, әрі эмоциялық тұрғыдан қажып қалған», - деді.
Осыған байланысты ол «Қайрат» үшін негізгі мақсат басқа болуы мүмкін екенін айтты: «Мұнда мақсат басқа болады - тағы да бесеудей гол жіберіп алмау», - деді Вячеслав Эрбес.
«Аталанта» - «Қайрат» кездесуі бүгін Бергамода өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
