Q Football

Клуб Конференциялар лигасындағы «Қайратқа» қарсы матчтан кейін бойкот жариялады

Клуб Конференциялар лигасындағы «Қайратқа» қарсы матчтан кейін бойкот жариялады
Getty Images

Латвиялық «Рига» Латвия чемпионатының қорытынды, 36-турындағы РФШ-қа қарсы матчта алаңға шығудан бас тартты

«Рига» клубы РФШ-тан қарсы соңғы тур ойынына қатысудан бас тартатынын ресми түрде хабарлады

Клуб өз мәлімдемесінде шешімнің ауыр болғанын атап өтіп, жанкүйерлерден кешірім сұрады. «Рига» дербидің турнирлік әрі спорттық маңызы қалмағанын айтып, басты себеп ретінде маусым бойы «әділдік дағдарысының тым тереңдеуін» көрсетті.

««Рига» футбол клубы сіздерге зор құрметпен әрі шынайы өкінішпен үн қатады. Біз өте ауыр, бірақ саналы әрі принципті шешім қабылдадық: командамыз чемпионаттың РФШ-тан қарсы соңғы матчына алаңға шықпайды», - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Команда маусым бойы төрешілердің «жүйелі әрі өрескел қателіктері» командалардың қорытынды орнына әсер еткенін, сондай-ақ этикалық нормалар мен Fair Play қағидаттары бірнеше рет бұзылғанын алға тартты.

«Өкінішке қарай, Латвия футбол федерациясы (ЛФФ) тарапынан біз толық немқұрайлылық пен бұл мәселелерді шешуге құлықсыздыққа тап болдық. Біз де, Жоғары лиганың өзге клубтары да федерацияның назарын болып жатқан жайттарға ауызша да, жазбаша да талай рет аударған едік», - деп жазды «Рига».

Клубтың айтуынша, алаңға шығу «әділетсіздікке көніп», латвиялық футболға зиян келтіріп жатқан үдерістерді «заңдастырғанмен бірдей» болар еді. Сол себепті команда бойкот арқылы мәселеге назар аудартуды және оның алдағы уақытта шешілуіне қол жеткізуді көздеп отыр.

Мәлімдеме соңында клуб жанкүйерлерге маусым бойғы қолдауы үшін алғыс айтып, «әділ футбол үшін күресті жалғастыратынын» жеткізді. Бұл жазба «Рига» клубының инстаграм парақшасында жарияланды.

Еске салайық, 2025 жылдың 15 қазанында Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі бірінші тур матчында «Сконто» стадионында «Рига» алматылық «Қайратпен» кездесіп, ойын 1:1 есебімен аяқталған еді.