Q Football

Анарбеков «Қайратты» голдан құтқарды: Бергамодағы керемет сәт

Анарбеков «Қайратты» голдан құтқарды: Бергамодағы керемет сәт

«Аталанта» алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін өз қолына алып, алматылықтардың қақпасы алдында қауіпті сәттер ұйымдастыра бастады. 5-минутта Джонатан Роу айып алаңына еніп, қорғаушыларды алдап өтіп, соққы жасады. Алайда Темірлан Анарбеков командасын голдан құтқарды.

27-минутта қақпашы тағы да көзге түсіп, Роудың қауіпті соққысын қайтарды. Араға төрт минут салып, Марио Пашалич есеп ашуға тамаша мүмкіндік алғанымен, допты қақпа бағанының жанынан өткізіп алды.

«Қайрат» Александр Мрынскийдің соққысымен жауап берді, бірақ Марко Карнезекки допты қайтарып үлгерді. Италиялықтардың қысымына қарамастан, бірінші таймда есеп ашылған жоқ – 0:0.